Металл қорапшаға салынған хаттар - келешек жастарға бағытталған жолдау. Ертіс жағалауында салтанатты түрде жерге көмілген «Уақыт капсуласы» 2050 жылы ашылуы керек. 32 жылдан кейін ашылатын капсуланың ішіне «Семей таңы» газеті және қаладағы жастар ұйымдары туралы мәлімет, төлқұжаттары және таңбалары бейнеленген жалаушалар салынып, қазылған жерге орналастырылды.
«Капсула бүгінгі жарқын істер мен келешектегі істерді салыстыруға мүмкіндік береді. Ол 2050 жылға дейін құпия күйінде сақталуы керек», - деді қала әкімі Ермак Сәлімов.