Ол жерде паспорт үстелі бұрыннан бері жұмыс істейді. Университетке түсіп, жатақxанаға орналасатын барлық студенттер уақытша тіркеуге алынады.
«Мәселен, өткен жылы қыркүйекте оқу маусымы басталғанда біз 4 500 студентті тіркеуге алдық. Бұл - өз өтінішімен тіркеуге тұрған азаматтар. Олардың ішінде магистранттар да бар. Магистранттар екі жылға тіркелсе, студенттер төрт жылдық тіркеуге тұрады. Бес жыл оқитындар да бар. Олардың уақытша тіркелуі бір жылға артық болады. Бұндай тәжірибе бұрыннан бері бар. Ережеге сәйкес, бізге оқуға түскен студенттерді бірден «паспорт үстеліне» жібереді. Осы жерде олар тиісті құжаттарды толтырғаннан кейін xалыққа қызмет көрсету орталығына барады. Сонда Еуразия ұлттық университетінің атынан уақытша тіркеуге тұрады. Осының барлығы әу баста жасалады. Сондықтан уақытша тіркеуге байланысты студенттердің арасында қарбалыс туындамауы тиіс», - дейді «паспорт үстелінің» бас маманы Майра Мұсабекова.
Оның айтуынша, бүгінде пәтер жалдап жатқан студенттер де бар. Олар тұрғылықты жері бойынша уақытша тіркеуге тұруы тиіс. Ал жатақxанаға көшетін болса, университет тіркеуіне алынады.
Айта кетейік, бүгін ҚазАқпарат тілшісі Астана қаласының Есіл аудандық xалыққа қызмет көрсету орталығында болып, студенттердің уақытша тіркеуге тұруы бойынша кеңес алған болатын.