Уәлихан Әбішұлы Қайсаров 1965 жылы туған, 2015 жылғы 6 наурызда ОСК-ге өтініш берді. Ол «Кенесары хан» қорының басшысы. Сөйтіп, бүгінгі күнге 11 адам өз кандидатураларын ұсынды. Сонымен бірге ОСК ҚР Президенттігіне үміткер ретінде өтініш берген олардың ішіндегі төрт адамды - Бақыт Төлегенұлы Әбдікәрімовті, Сухраб Әминжанұлы Мырзашевті, Асқар Жорабайұлы Сырғабаевты және Сафиолла Қалабайұлы Алдажановты тіркеуден бас тартты. Тіркеуден бас тартудан себептер ретінде "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңда және Конституцияда Қазақстан Республикасының Президентіне үміткерлерге қойылатын талаптарға сәйкес еместіктері көрсетілген.