Лингвистикалық комиссия төрағасы Мырзатай Жолдасбековтың айтуынша, мемлекеттік тілді еркін меңгеру сынағы үш түрлі бағыт бойынша жүргізілді. «Атап айтқанда, кандидат екі беттен аспайтын шығарма жазып, кітаптан 3 минуттан аспайтын мәтін оқу керек. Сондай-ақ кандидат мінберден сөйлеп, өз ойын жеткізе алатындығын көрсетуі керек»,-деді М. Жолдасбеков.
Комиссия төрағасының сөзінше, У. Қайсаров жазба жұмысы бойынша тақырыпты аша алмады. Оның ойы шашыраңқы болды. Сөйлем құрауда көп қателер жіберді. «Нәтижесінде орфографиялық қателер - 7, пунктуациялық қателер - 11, стилдік қателер - 10 болды. Бас-аяғы 2 беттік жазба жұмысының негізгі қателері - 28 болып шықты»,-деді М. Жолдасбеков.
Оның сөзіне қарағанда, У. Қайсаровтың кітәптан мәтін оқуы көңілден шықты. Ал еркін тақырыпта ойы шашыраңқы болды.