«Үміткерлердің өз қолдарымен жазған мәліметтерінің өзін Орталық сайлау комиссиясы мұқият тексеруде. Мысалы, өз кандидатурасын ұсынған У.Қайсаров президенттікке кандидат болып дауысқа түсуге ниет білдіру туралы өтінішінде басқа мемлекеттің азаматтығында тұрғанын өз қолымен көрсеткен», - деді ОСК мүшесі.
Л.Сүлейменнің атап өтуінше, осыған орай Орталық сайлау комиссиясы еліміздің Ішкі істер министрлігіне аталған деректерді тексеру үшін сұрау салған.
«Сонымен қатар осы үміткер мемлекеттік тілде толтырылған өмірбаяндық деректерінде де бірнеше қате жіберген», - деді ол.