дейді басқарма төрағасының орынбасары Қ.Өтепов.
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ы Серверлік орталығының қызметі мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесі қызметінің тиімділігін арттыруға, сенімділігінің, қолжетімділігінің және мәліметтердің қауіпсіздігінің кепілді деңгейлерімен мемлекеттік органдардың бірыңғай, толық ақпараттық ресустарын қамтамасыз етуге бағытталған.
Аталған орталық құрал-жабдықтардың сақталуын, электрмен үздіксіз жабдықталуын, кешенді өңдеу бағдарламалық-аппараттық жүйесінің ырғақты жұмыс істеуін, сондай-ақ мәліметтердің сақталуын және дер кезінде берілуін қамтамасыз етеді. Орталықтың қауіпсіздік деңгейі барлық халықаралық сапа нормасына жауап бере алады.