АСТАНА. ҚазАқпарат - Уаз мұнай кеніші цифрлық жүйеге көшіріледі, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.
ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың БҚО-ға жұмыс сапары кезінде мәлім еткеніндей, цифрландыру жұмысы «Ембімұнайгаз» және «Казгермұнай» кәсіпорындарында атқарылуда.
«Осы кеніштердегі мұнай өндіру, геофизикалық жұмыстардың бәрі цифрландырылатын болады. Мұның бәрі еңбек өнімділігінің елеулі түрде артуына және ең бастысы, мұнай алу коэффициентінің ұлғаюына әкелуі тиіс. Биыл Уаз кенішінде осының бәрін жасап көреміз. Содан кейін оның көшірмелерін еліміздегі барлық кеніштерде қолданатын боламыз», деді министр.
Қ.Бозымбаев жаңа технологиялар еңбек өнімділігін арттырып, компанияларға бәсекеге қабілетті болуына септесетінін жеткізді.
Автор: Кристина Калинина
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).