«Бұл тұрғыда жаңсақ ақпарат жарияланды. Ұлттық қор қаржысы құнды қағаздарда швед компанияларында 100 млн АҚШ доллары көлемінде, Голландияда бағалы қағаздарда 240 млн доллар деңгейінде орналастырылған», - деп түсіндірді ҰБ басшысы тілшілердің сауалына жауап беру кезінде.
Оның атап өтуінше, осыған байланысты қандай да бір талап-арыз қойылса, барлық жұмыс Әділет министрлігімен бірлесе жүргізіледі.
«Тек олармен консультациялар жасалғаннан кейін ғана біз тиісті пікірімізді мәлімдей аламыз»,-деді Ақышев.