Талапкерлер үш міндетті және екі таңдау бойынша екі пәннен тест тапсырады. ҰБТ тапсырмалар саны өзгеріссіз қалады, жалпы 120 сұраққа 4 сағат беріледі.
«Комбинацияларға келетін болсақ, қазіргі таңда талапкерлердің 16%-ы «Математика-Физика», 16%-дан астамы «Биология-Химия», 13%-ы «Шығармашылық», 11%-ы «Математика-Информатика» пәндерін таңдады. Кейінгі бірнеше жылда алғаш рет талапкерлер ең көп таңдайтын бейіндік пәндер комбинациясы өзгерді. Ол – «Биология-Химия», - деді Болатбек Абдрасилов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
Айта кетейік, Қазақстанның 14 өңірінде негізгі ҰБТ басталды. Ал су тасқыны болған 6 облыста ҰБТ 25 мамыр-12 шілде күндері өтеді.
Биыл 181 мың талапкер тестілеуге қатысуға ниет білдірсе, олардың басым бөлігі, яғни 75%-ы ҰБТ-ны қазақ тілінде тапсыруды таңдаған. 25%-ға жуық түлек орыс тілінде, 221 адам – ағылшын тілінде тест тапсыруды ұйғарған.