Тәртіп бұзғаны үшін 1 адам аудиториядан шығарылды, ал оның жауаптары жойылды.
Ұлттық бірыңғай тестілеудің бесінші күнінде 14 244 тыйым салынған зат алынды.
Орташа балл - 79,05.
Ағымдағы жылы ҰБТ республика бойынша 20-27 маусым аралығында өтеді. ҰБТ-ны тапсыруға 92 827 түлек өтініш берді, оның 69 209 - қазақ тілінде, 23 618 - орыс тілінде.