Елорда бойынша орташа балл 91,3 құрады. Ұлттық емтиханның бірінші күнінің қорытындысы бойынша екі түлек - қыздарға арналған Қазақ-түрік лицейінің және №15 мектеп-лицейінің оқушысы ең жоғары балл (124) жинаған.
Жалпы, 1058 оқушы тест тапсырды, соның ішінде 707-сі қазақ тілінде, 351-і орыс тілінде оқығандар. Тестілеу кезінде аудиториядан шығарылғандар немесе тест нәтижелерін жою жағдайлары тіркелген жоқ.
Бүгін тестілеу Қазақ гуманитарлық заң университетінде өтіп жатыр.
Еске салайық, Ұлттық бірыңғай тестілеу 2-6 маусым аралығында өтеді.