Бұл туралы бүгін журналистермен болған баспасөз-мәслихатында Білім және ғылым министрінің орынбасары Серік Ырсалиев айтты.
Оның сөзінше, бүгінде мектеп түлектері физика, математика және химия пәндерінен жақсы нәтиже көрсетіп жүр деуге келмейді. Бұл пәндер бойынша тест тапсырмаларының деңгейі өзгерген жоқ. Олар бойынша, жеңіл, орташа және күрделі жауаптар сол қалпында қалады. «Ал өзге пәндер бойынша, тест тапсырмаларының деңгейі біршама өзгерді. Егер біз бұрын 9 жеңіл, 10 орташа, 6 күрделі - барлығы 25 сауал қойып келген болсақ, биылғы жылы 6 жеңіл, 12 орташа, 6 күрделі - барлығы 24 сауал қойылады»,-деді вице-министр.