ҰБТ-дан кейін грант конкурсына қатысуға қандай құжаттар тапсыру керек
- жеке куәлік;
- ҰБТ сертификаты;
- 3х4 көлеміндегі фото;
- орта білім туралы аттестат (колледж түлектері үшін диплом);
- жеңілдетілген санат бойынша конкурсқа қатыса алатынын растайтын құжаттар;
- B167 Ұшу аппараттарын және қозғалтқыштарды ұшырып пайдалану БББТ үшін дәрігерлік ұшу-сараптамалық комиссиясының медициналық куәландыруы керек.
Қосымша ақпарат бойынша ЖОО-лардың қабылдау комиссиясына жүгінуге болады.
Құжаттарды 3 тәсілмен қабылдайды:
- Офлайн. Жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиясы арқылы. Бұл ретте тұрғылықты мекенжайыңызға жақын орналасқан кез келген университеттің қабылдау комиссиясына жүгінуге болады.
- Онлайн. Шалғай аймақта тұратын талапкерлердің ыңғайы үшін ЖОО-да виртуалды қабылдау комиссиялары талапкерлерге бейне байланыс арқылы кеңес беріп, құжаттар қабылдайды.
- Онлайн. Egov.kz арқылы.
Айта кетейік, талапкерлер 16 мамыр мен 5 шілде аралығында өткен ҰБТ екі нәтижесінің біреуін ғана конкурсқа ұсына алады.
Грант иегерлерінің тізімі 10 тамызға дейін жарияланады.
Еске сала кетейік, ертең, яғни 13 шілдеден бастап грантқа құжат қабылдау басталады.
Биыл ҰБТ-дан жоғары балл жинаған түлектердің саны былтырғыдан едәуір аз болды.