ҰБТ-ға қатысқан «Алтын белгі» үміткерлерінің 50 пайызы өз білімдерін растады
«Алтын белгіге» 4 831 бала үміткер болды. Соның бүгінгі күні 2 453-і «Алтын белгіге» лайық екендіктерін дәлдеп шықты. Енді облыстарда, мектептерде «Алтын белгі», үздік аттестат және жалпы аттестатты тапсыру рәсімдері өтіп жатыр. Өздеріңіз білесіздер, 17 маусым күні барлық мектептерде соңғы құжаттарын тапсырады. Сол 2 453 «Алтын белгі» иегерлерінің 1 959-ы - қазақ мектептерінде оқыған. Ал орыс мектебінде оқығандар саны - 469. 19-ы - өзбек мектебінде оқыған, 6-ы - ұйғыр мектебінің түлектері. Енді бізде бір баллды ала алмай қалған балаларымыз да бар. Ондай балаларымыздың саны - 492. Екі баллды ала алмаған оқушылар - 377, үш баллды 304 түлек жинай алмады», - деп атап өтті ол бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Айта кетейік, ағымдағы 121 мың бітірушінің ішінде ҰБТ-ға қатысуға 87 мың түлек өтініш берген. Оның ішінде қазақ тілінде - 83 330, 23 984 бала - орыс тілінде оқығандар. Жалпы ҰБТ ұйымдасқан деңгейде өтті. Биылғы орташа балл - 81,2 балл.