Шекті деңгейді жинай алмаған бітірушілер үшін ағымдағы жылдың тамыз айында барлық облыс орталықтары мен Астана және Алматы қалаларында орналасқан базалық жоғары оқу орындарында тестілеуді қайта тапсыру мүмкіндігі беріледі.
ҰБТ-ны қайта тапсыруға болатын жоғары оқу орындарының тізімі Білім және ғылым министрлігі тарапынан айқындалады. Шекті деңгейді жинай алмаған бітірушілер тестілеуді төрт пән бойынша қайта тапсырады: оқыту тілі, Қазақстан тарихы, математика және таңдау пәнінен (бейінді).
Тестілеуді екінші рет тапсыру үшін талапкерге тек тұрғылықты жер бойынша жақын орналасқан базалық ЖОО-ға өтініш, 3х4 көлемдегі 4 сурет, және орта мектепті немесе ТжКО-ны бітіргендігі туралы құжаттар тапсыру қажет.
Қайта тестілеу рәсімінің құны 2242 теңгені құрайды.
17:47, 29 Наурыз 2016
ҰБТ-ны қайта тапсырудың құны белгілі болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылы бітірушілер ҰБТ-ны белгіленген мерзімде 1-15 маусым аралығында тапсырады, деп хабарлады ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметінен.