АСТАНА. 28 маусым. ҚазАқпарат - /Марлан Жиембай/ - Ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындысы бойынша республикалық орташа балл - 86,7 балды құрады, деп хабарлады Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметінен.
«Республика бойынша орташа балл -86,7-ні құрады, 2010 жылы орташа көрсеткіш - 84,8 болған еді", делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, 4-10 маусым аралығында Ұлттық бірыңғай тестілеу өтіп, оған 126 168 мектеп бітіруші қатысты, бұл сынаққа қатысуға өтініш білдіргендердің 97,4 пайызы немесе жалпы мектеп бітірушілердің 79 пайызы.
12 138 түлек 50 балдан төмен балл жинап қалды, бұл барлық қатысушылардың - 9,6 пайызы.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.