ҰБТ-ның тест тапсырмаларының тізімінен 1,5 мың сауал алынып тасталды

АНА. 24 мамыр. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - «Ұлттық бірыңғай тестілеу шарасы барысында қолданылатын тест тапсырмалары жыл сайын жетілдіріп келе жатыр»,

деді Білім және ғылым вице-министрі Серік Ырсалиев бүгін журналистермен баспасөз мәслихатында.

Оның сөзінше, 2009 жылы 800 аппеляция беріліп, оларды 275-і, яғни 31 пайызы қанағаттандырылса, өткен жылы 471 аппеляция беріліп, олардың 109-ы немесе 21 пайызы қанағаттандырылды. «Сонымен қатар аппеляция берілген 109 сұрақ тестіден алынды. Бұған қоса биылғы жылы жүргізілген арнайы тексеру жұмыстарының нәтижелері бойынша, тест тапсырмаларының тізімінен 1,5 мың сауал алынып тасталды. Тест тапсырмалары жылына 30 пайызға жаңарып отырады» - дейді министрдің орынбасары.