ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында ҰБТ-ның алғашқы кезеңінде 65 оқушыдан тыйым салынған заттар анықталған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ШҚО-да Ұлттық бірыңғай тестілеудің алғашқы кезеңі 16-19 қаңтар аралығында Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-да, Семей қаласындағы Шәкәрім мемлекеттік университетінде және аудандардағы 8 мектепте өткізілді. ҰБТ әділ өтуі үшін залдар толықтай бейнекамералармен жабдықталған.
«3 күн ішінде 65 оқушыдан тыйым салынған заттар анықталды. Оның ішінде көпшілігі ұялы телефон, смарт сағат қолданған. Жалпы саны 42 тест тапсырушы залдан шығарылды», деп хабарлады ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі.
Талғатжан Мұхаметбекұлы
Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы ШҚО "Алдаспан" газетінде тілші болып бастады. ШҚО "Менің өлкем" газетінде тілші, республикалық "Жас қазақ", "Заң" газеттерінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші, ШҚО "Менің өлкем" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Kazinform агенттігінде 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді.