ҰБТ сұрақтары қалай әзірленеді – репортаж

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты Ұлттық тестілеу орталығы БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз турын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Журналистер режімдікнысан болып саналатын ғимарат ішін аралап, ҰБТ сұрақтарының қалай әзірленетінінкөрді.

«ҰБТ сұрақтарынәзірлеу үшін Қазақстанның түпкір-түпкірінен ең үздік пән мұғалімдеріншақырамыз. Олардың біліктілігі мен жетістіктеріне мән береміз. Қазіргі уақытта40-45 мұғалім келесі ҰБТ сұрақтарын әзірлеп жатыр. Олар сұрақтарды көшіругемүмкіндік бермейтін арнайы компьютерлерде 10 күн жұмыс істейді. Барлық мұғалімқұпияны таратпау туралы жауапкершілікті мойнына алады», - деп түсіндірді ҚРҰлттық тестілеу орталығы директорының міндетін атқарушы Дидар Смағұлов.


Оның айтуынша, кезкелген сұрақ жобасы кітапшаға енбей тұрып, екі сарапшының тексеруінен өтеді.

«Кей адамдар ҰБТ-даақылға қонбайтын сұрақтар жүр деп айтады. Олардың бізге қатысы жоқ, оны жекедаярлық орталықтары әзірлеуі мүмкін. Біз жүз мыңдаған сұрақтарымыздыңәрқайсысын қай кітаптан, қай жолдан алғанымызды көрсете аламыз. Біріншіден,сұрақты пән мұғалімі әзірлейді. Оны бірінші сарапшы тексеріп, түсініксізсұрақтарды алып тастайды. Сосын екінші сарапшы келіп, тағы тексереді. Осылайша,сұрақтың мектеп бағдарламасынан алынуын қамтамасыз етеміз. Бірақ, жыл сайынапелляция өтінімдері азайып келеді. Биылғы шағым саны 50% төмен», - дейдіорталық басшысы.


Әрі қарай бұлсұрақтар Тестілеу орталығының арнайы базасында жиналады. Оған санаулы адамдарғана кіреді. Тіпті Білім және ғылым министрі де кіре алмайды.

«Бұл серверге кіруүшін арнайы рұқсат сұрап, себептерін көрсету керек. Оны Ұлттық қауіпсіздіккомитеті органдарының талабымен ғана ашуға болады. Тіпті министр келсе де,кешірім сұрай отырып, кіргізе алмайтынымызды айтар едік. Жинақталған тестбазадан типографияға жіберіледі. Ондағы құпиялық деңгейі тіпті жоғары.Кітапшаны шығарған, бөлген, қаптаған адамдар жіті бақылаудан өтеді.Типографияны ҰҚК-де жұмыс істейтін менің орынбасарым бақылайды жәнеқұпиялылығын қамтамасыз етеді», - деп өз сөзін жалғастырды Д. Смағұлов.

Баспадан шыққанкітапшалар нұсқалар бойынша бөлінеді. Ұлттық тестілеудің бірінші күнікітапшалардың 10-даған нұсқасы болуы мүмкін және олар екінші, үшінші күндеріқайталанбайды.


«Сондықтансұрақтарды смартфонға түсіріп алып, кейінгі лекке көмектесемін деу – әурешілік.Жыл сайын сұрақтар базасы 30 пайызы, шамамен 34 мың сұрақ жаңартылып отырады»,- деді ол.

Нұсқаға бөлінгенсоң, кітапшаларды арнайы қарулы күзет арнайы қапшықпен өңірлердегі ҰҚКдепартаменттерінің ғимаратына жеткізеді.

«Қапшық тапсырыспенәзірленген пломбамен, сүргіш мөрмен және ағаш тақтайшамен бекітіледі. Бұлпломбалар нөмірленген. Тестілеу алдында, яғни таңғы сағат 7-7:30-да ҰҚКқызметкерлері қапшықтарды тестілеу орталығына жеткізеді. Қапшық үш түрлі жіппентігілген, оны сөгіп-қайта тіксе бірден байқалады. Оның ішінен арнайы қағазжолағы бар қорапшалар шығады. Бұл жолақты да желімнен ажыратса, қайтыпжабыспайды. Осылайша, ашу фактісін әшкерелеуге болады. Комиссияның тексеруіменқораптар ашылады. Акт толтырылады. Әр қорапта бір аудиторияның тапсырмаларыбар. Тапсырма кітапшалары мен жауап парақтары қағаз жолағы бар полиэтиленменқапталған», - деді ҰТО Тестілеуді өткізуді ұйымдастыру басқармасыныңбасшысы Роллан Серіков.


Айта кетейік, биылҚазақстанда 117 242 түлек ҰБТ тапсырды. Биылдан бастап ҰБТ-ның төрт рет -қаңтар, наурыз, маусым және тамыз айларында өткізілетіні бұған дейінхабарланған болатын.



Соңғы жаңалықтар