ҰБТ тапсыруға қосымша өтініш қабылдау процесі басталды
АСТАНА. KAZINFORM – 4-6 шілде аралығында Ұлттық тестілеу орталығы 10-25 сәуір аралығында келесі дәлелді себептер бойынша өтініш бермеген талапкерлерден негізгі ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдайды.
Денсаулық жағдайына байланысты емдеуде немесе карантинде болу (026/у медициналық анықтама болған жағдайда);
Жақын туысының қайтыс болуы (растайтын құжаттар болған жағдайда);
Республикалық және халықаралық олимпиадаларға, байқауларға және спорттық жарыстарға қатысу (№514 бұйрықтағы тізімге сәйкес);
Төтенше жағдайлар туындаған кезде.
Өтініш пен растайтын құжаттарды (+ жеке куәлік) тестіленушілер uto@testcenter.kz электрондық поштасына жолдау қажет.
Тестілеу – 8-10 шілде.
Айта кетелік негізгі ҰБТ қорытындысы бойынша талапкерлердің көпшілігі шекті межеден өткені туралы жазған едік.