ҰБТ тапсыруға қосымша өтініш қабылдау процесі басталды

АСТАНА. KAZINFORM – 4-6 шілде аралығында Ұлттық тестілеу орталығы 10-25 сәуір аралығында келесі дәлелді себептер бойынша өтініш бермеген талапкерлерден негізгі ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдайды.

Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі

Денсаулық жағдайына байланысты емдеуде немесе карантинде болу (026/у медициналық анықтама болған жағдайда);
Жақын туысының қайтыс болуы (растайтын құжаттар болған жағдайда);
Республикалық және халықаралық олимпиадаларға, байқауларға және спорттық жарыстарға қатысу (№514 бұйрықтағы тізімге сәйкес);
Төтенше жағдайлар туындаған кезде.

Өтініш пен растайтын құжаттарды ( жеке куәлік) тестіленушілер uto@testcenter.kz электрондық поштасына жолдау қажет.

Тестілеу – 8-10 шілде. 

Айта кетелік негізгі ҰБТ қорытындысы бойынша талапкерлердің көпшілігі шекті межеден өткені туралы жазған едік