Барлығы 492 мобильдік телефон, 371 шпаргалка, сондай-ақ бірнеше калькулятор мен фотоаппараттар табылды.
ҰБТ-ға 2 676 түлек қатысқанын ескерсек, әрбір үшінші оқушы заңсыздыққа жол берген. Өңірде ағымдағы жылы 4 397 оқушы мектеп бітірді, оның жартысынан көбі (60 пайыздан астамы) ҰБТ тапсыруға қатысты. Б.Дәуімова тестілеудің қорытынды нәтижелері әлі шықпағанына қарамастан, орташа балл 78 пайыздан асатыны белгілі екенін мәлім етті. Білім сапасы 41 пайыздан жоғары. Ең жоғарғы көрсеткішке - 124 баллға Қостанай мектеп-гимназиясының оқушысы Динара Айсина ие болды.