деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«ҰБТ кезінде жемқорлық фактілері орын алды ма?» деген сауалға министр: «Сарқанд ауданында, яғни аудандық оқу бөлімінің басшысы тарапынан осындай оқиға болды. Онда комиссия мүшелеріне сыйақы ұсыну арқылы тестілеу кезінде аудиториядағы түлектердің орынсыз әрекетіне көз жұма қарауды ұсынды. Осы мәселеге байланысты біз шара қолданамыз», деді.
Ж. Түймебаевтың сөзіне қарағанда, ҰБТ-ны өткізу аралығында оқушылардан 4 761 ұялы телефон, 200-ден астам калькулятор, фотоаппарат және шпаргалкалар табылған. Сондай-ақ тестілеу ережесін бұзғаны үшін 24 оқушы аудиториядан шығарылып, олардың ҰБТ нәтижесі жойылған.
Айта кетейік, биылғы жылы елімізде ҰБТ сынақтары маусымның 4-і мен 10-ы аралығында 154 пункте өтті. Оның 49-ы қалалық, ал 105-і ауылдық жерлерде орналасқан.