2 және 3 маусым күндері өткізілген тестілеуге 37 066 мектеп бітіруші қатысты, соның ішінде қазақ тілінде - 26 592, орыс тілінде - 10 474 түлек бұл сынақты тапсырды.
Тестілеудің екі күнінде мүмкін болған 125 балды 2 бітіруші жинады. Олар: Ердосова Гүлнәз Жандосқызы, «Қазақ классикалық Б.Момышұлы атындағы №45 гимназия», тестілеуді М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің базасындағы ҰБТӨП-те (Тараз қаласы) тапсырған; Мұстафина Риана Еркінқызы,«№59 мектеп-лицей ММ», тестілеуді Қазақ гуманитарлық заң университетінің базасындағы ҰБТӨП-те (Астана қаласы).
Тестілеудің бірінші күнінің нәтижесінде тыйым салынған заттарды қолданған және аудиторияда тәртіп бұзған үшін 33 бітіруші тестілеуден шығарылды, оның ішінде: тестілеуге кіргізу барысында бөтен тұлға ұсталған - 3 бітіруші; тестілеу өткізу барысында бөтен тұлға ұсталған - 19 бітіруші; - ұялы байланыс телефондарын пайдаланған - 8 бітіруші; тестілеуге берілген уақыт аяқталған кезде емтихан материалдарын тапсырудан бас тартқан - 1 бітіруші; емтихан материалдарын бүлдірген - 1 бітіруші; рацияны қолданған - 1 бітіруші болды.