Учаскелік инспекторлар түрмеден шартты түрде мерзімінен бұрын босап шыққандарға бақылау жүргізбегені үшін жауапқа тартылады
16:41, 07 Тамыз 2012
ТАЛДЫҚОРҒАН. 7 тамыз. ҚазАқпарат - Панфилов АІІБ полиция бөлімінің учаскелік инспекторлары түрмеден шартты түрде мерзімінен бұрын босап шыққандарға бақылауды жүзеге асыру бойынша өздерінің тікелей міндеттерін орындамай отыр.
Облыс прокуратурасының баспасөз қызметінен хабарлағандай, Көктал ауылының учаскелік инспекторлары түрмеден шарты мерзімінен бұрын шығып, осы ауылға келген азаматқа профилактикалық бақылау жасамаған, және ол жеке жұмыстарға тартылмаған.
Осыған байланысты аудан прокуратурасы облыстық ІІД-нің бастығына заңдылықтың бұзылуын жою және учаскелік инспекторларды жауапкершілікке тарту мәселесін шешуді тапсырды.