Жүздесу барысында Спорт және туризм министрі, Қазақстан Ұлттық Олимпиада Комитетінің президенті Темірхан Досмұхамедов мәртебелі мейманға велоспортты дамытуға сіңірген еңбегі үшін Олимпиада орденін тапсырды.
Сондай-ақ, астанадағы жаңа велотрек ғимаратын тамашалағаннан кейін UCI президенті Қазақстан Республикасы Велоспорт федерациясының президенті, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ Басқарма төрағасы Қайрат Келімбетовпен де жүздесті.
Кездесу барысында «Astana Proteam» велокомандасының қызметіне қатысты мәселелер, қазақстандық велоспортты дамыту шаралары, сондай-ақ UCI өкілетті органдарының жұмысына қазақстандық өкілдерді қатыстыру мәселелері жайында сөз болды. Өз кезегінде П. Макуэйд мырза Қазақстанда жоғары деңгейдегі халықаралық жарыстарды өткізу идеясына аса қызығушылық танытты.