"Қазіргі таңда электр энергетикасы саласында 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік үдемелі индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасы бойынша 13 жоба жүзеге асырылуда. Оның ішінде кейбір нысандар аяқталды. Атап айтқанда, "Атырау" жылу электр орталығын кеңейту және қайта құру, Алматы қаласы, Алматы облысында 4 подстанция салу, "Ақсу ГРЭС-1" 2-энергоблогын қалпына келтіру, Орал ГЖЭС құрылысы. Енді жыл соңына дейін Ақшабұлақ ГЖЭС пен Мойнақ ГЭС құрылысы аяқталады", - дейді индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Бақытжан Жақсалиев.
Оның айтуынша, жобалық қуаты 300 МВт болатын Мойнақ ГЭС-нің Қазақстанның оңтүстігін энергиямен қамтамасыз етудегі маңызы өте зор. Бұл ТМД елдері аумағында тұңғыш рет жүзеге асырылып отырған бірегей жоба.