Бұл жөнінде Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады.
Осы мәселе бойынша депутаттар алдында ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев баяндама жасайды.
Айта кету керек, аталған бағдарлама Мемлекет басшысының «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының 2009 жылғы 15 мамырдағы кезектен тыс ХІІ съезінде берген тапсырмасын, Мемлекет басшысының «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын орындау үшін, сондай-ақ Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын іске асырудың екінші кезеңі болып табылатын Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарының түйінді бағыттарына сәйкес әзірленді.
Бағдарлама экономиканы әртараптандыру және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру арқылы орнықты және теңгерімді өсуін қамтамасыз етуге бағытталған.
Үкімет сағатында аталған тақырып төңірегінде толыққанды мәлімет беріледі деп күтілуде.
Сонымен қатар баяндамашы осы мәселе бойынша депутаттардың сұрақтарына жауап береді.