УЕФА 2021 жылы үшінші еурокубок турнирін ұйымдастырмақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуропа футбол қауымдастығы одағы (УЕФА) 2021/22 маусым күнтізбесіне үшінші еурокубок турнирін енгізеді, деп хабарлайды Bild неміс басылымы

Жаңа турнир ауқымы бойынша Чемпиондар лигасы және Еуропа лигасынан кейінгі үшіншісі болмақ.

Осы турнирдің есебінен УЕФА Еуропа лигасына қатысушылар құрамын 48 командадан 32-ге қысқартуды жоспарлауда. Бұл жарнама берушілер мен жанкүйерлер үшін Еуропа лигасының  тартымдылығын күшейтпек.

Сондай-ақ жаңа турнир бәсекеге қабілеттілігі едәуір төмен чемпионаттардың клубтарына еурокубоктарға қатысуға мүмкіндік береді.

Турнир Еуропа Кубогы деп аталады, ал қатысушылар құрамына 32 команда кірмек.