УЕФА ағылшындық жанкүйерлердің Киевтегі тәртіпсіздігіне байланысты іс қозғады

АСТАНА. 18 маусым. ҚазАқпарат - Футбол қауымдастығының еуропалық одағы (УЕФА «D» матчындағы Швециямен ойында ағылшын жанкүйерлерінің тәртіпсіздігіне байланысты  Англияның футбол қауымдастығының үстінен іс қозғады,

деп хабарлады Укринформ.

Бұл туралы еуропалық футболдың ресми сайтында хабарланған.

«УЕФА «D» матчында Швеция командасымен қарсылас болған Англияның футбол ассоцациясына қатысты іс қозғады. Оған себеп ағылшындық жанкүйерлердің тәртіпсіздігі болды», - делінген хабарламада.

УЕФА-нің қадағалау-тәртіптік инстанциясы бұл істі сәрсенбі күні, 20 маусымда қарайды.

Естеріңізге сала кетейік, жұма күні Киевте өткен Англия-Швеция матчы кезінде ағылшындық жанкүйерлер алаңға жүгіріп шығуға әрекеттенген.