НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - UEFA атқару комитетінің отырысы 27 мамырдан 17 маусымға ауыстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ұйымның сайтына сілтеме жасап.
Отырыс барысында 2020 жылдан 2021 жылға ауыстырылған Еуропа біріншілігін өткізу мәселесі талқыланады. Құрлықтық дода 11 мемлекеттің 12 стадионында өткізілуі жоспарланған. Дегенмен қазір кейбір стадионның дайын еместігі анықталған. Сондықтан алдағы отырыста бұл мәселе жан-жақты талқыланады.
Сондай-ақ, отырыс барысында Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының кейінге шегерілген ойындарын қайта жалғастыру жағдайы таразыға тартылады.
Бұдан бұрын футзалдан 2020 жылғы әлем чемпионаты кейінге шегерілді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.