УЕФА Бельгия клубын Еуропа лигасынан шығарып тастады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еуропа футбол қауымдастықтарының одағы (УЕФА) Бельгияның «Мехелен» клубын Еуропа лигасынан шеттетті. Бұл туралы УЕФА сайтында жарияланды.

Клубтыңбиылғы Лигадан шеттетілуіне оның ел чемпионатында келісілген ойындар өткізуісебеп болған. Клуб 2018/2019 жылғы Бельгия кубогында жеңіске жетіп, Еуропалигасының топтық кезеңіне тікелей жолдама алған болатын.

2018жылғы 10 қазан күні Бельгия прокуратурасы келісілген матчтарды тергеп-тексерукезінде 22 адам қамалғанын мәлімдеді. «Мехелен» басшылары 10 жылға футболсаласында жұмыс істеуден шеттетілді.