НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Алдағы төрт жылда UEFA Чемпиондар лигасының алдағы төрт жылда финалы өтетін стадиондар анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аталған доданың 2022/2023 жылғы кезеңдегі ақтық сыны Түркияның Стамбул қаласындағы Ататүрік атындағы олимпиада стадионында өткізіледі.
Бұрын ол Германияның Мюнхен қаласындағы «Альянц Арена» болатыны жарияланған еді. Чемпиондар лигасының финалы биыл Стамбулда өтеді деп жоспарланған.
Эпидемиологиялық қауіпсіздік мәселесіне байланысты финал аталған қаладан Португалияның Порту қаласына ауыстырылды.
Енді Мюнхен 2024/2025 жылғы кезеңде аталған доданың ақтық сынын өзінде қабылдайды.
Ал 2023/2024 жылғы кезең финалы Англия астанасы Лондон қаласындағы «Уэмбли» стадионында болады. 2021/2022 жылғы кезеңдегі финал Ресейдің Санкт-Петербург қаласындағы «Газпром Арена» стадионында өткізіледі.
Еске салсақ, биыл Алматының «Қайраты» екінші іріктеу сатысына өтті.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.