"Астана" клубының ойыншылары ойынның бастапқы минуттарынан бастап белсенділік танытып, қарсыластарының қақпасына алғашқы бес минутта екі соққы жасап үлгерді. 10-минуттан кейін литвалықтар қарсы шабуылдарды үдетті.
Ойындағы әзірге жалғыз голды Марин Аничич салып отыр.
Айта кетейік, ойын "Астана Арена" стадионында болып жатыр. Келесі турға өту үшін астаналықтарға жеңіс керек. Ойында голдар салынып, ойын тең аяқталатын болса, "Жальгирис" келесі кезеңге жолдама алады.
Еске сала кетейік, командалардың бірінші кездесу Вильнюсте өткен болатын. Және ол 0:0 есебімен аяқталды.