УЕФА чемпиондар лигасының қазіргі чемпионы «Интернационал», "Вердер", "Тоттенхэм" және "Твенте" төрттігі тоқайласқан А тобында атағын қорғап қалу үшін күреседі.
Мәскеу «Спартагы» Ғ тобында "Челси", "Олимпик" және "Жилинмен" ойнайтын болса, Ресей чемпионы «Рубин» D төрттігінде "Барселона", "Панатинаикос" және "Копенгаген" командаларымен кездеседі. Ал, донецкінің «Шахтері» Н тобында "Арсенал", "Брага" және "Партизанмен" шеберлік сынасады.
Топтық кезең матчтары 14/15 қыркүйек, 28/29 қыркүйек, 19/20 қазан, 2/3 қараша, 23/24 қараша және 7/8 желтоқсан күндері ойналады. Әр топтың үздік екі командасы келесі жылға қалдырылған 1/8 финалына шығады. Чемпиондар лигасының финалы келесі жылғы мамырдың 28-інде, сенбі күні лондонның «Уэмбли» стадионында өтеді. Өз топтарында үшінші орынды иеленген клубтар УЕФА Еуропа Лигасының 1/16 финалында ойындарын жалғастырады.