АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін УЕФА твиттер желісіндегі парақшасында 2016/2017 жылғы маусымдағы Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңі мен финалында футболшылар ойнайтын допты таныстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Finale Cardiff» деген атауға ие болған допты «Аdidas» компаниясы шығарған. Бұл доппен командалар плей-офф кезеңдері мен финалда ойнамақ. Дизайны Уэльс елінің ұлттық таным белгісі айдаһар суретімен бейнеленіпті.
Естеріңізге сала кетейік, осы маусымдағы Чемпиондар лигасының финалы 3 маусым күні Кардифф қаласында өтеді. Ертең плей-офф ойындары басталады.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.