Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі таратқан мәліметтерге сүйенсек, Игорь Свечников шәкірттері алғашқы ойында Грузия командасына 3:2 есебімен жол берген. Біздің команданың сапында Әділхан Добай мен Владислав Бутырин гол соқты.
Енді, 4 мамыр күні Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Беларусь елінің футболшыларымен кездеседі.
Грузия U-17 - Қазақстан U-17 - 3:2
Голдар: Тороньядзе, Огбаидзе, Морчиладзе - Добай, Бутырин.
Қазақстан жасөспірімдер құрамасының U-17 негізгі құрамы: Пузанов, Широбоков, Шен, Добай, Хасанов, Рогальский, Аханов, Құсайынов, Бовкун (к), Балута, Айманов.
02:53, 04 Мамыр 2018
«УЕФА Даму кубогы»: Қазақстан құрамасы алаң иелерінен ұтылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Футболдан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы (U17) Грузияда өтіп жатқан «УЕФА Даму кубогы» халықаралық турнирінің алғашқы ойынында алаң иелеріне есе жіберді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.