ҚФФ баспасөз қызметі таратқан мәліметтерге сүйенсек, Игорь Свечников баптайтын жасөспірімдер кеше, яғни 1 мамыр күні Грузия астанасы - Тбилисиге аттанып кеткен.
Біздің футболшылар Беларусь, Румыния және Грузия елдерінің құрамасымен күш сынасады.
Ойын кестесі:
02.05.18. Грузия - Қазақстан
04.05.18. Беларусь - Қазақстан
06.05.18. Румыния - Қазақстан
Қазақстан жасөспірімдер құрамасы U17:
Қақпашылар: Владимир Бирюков, Әділ Жанайдар (екеуі де - «Қайрат» ойыншылары), Константин Пузанов («Динамо» Минск).
Жартылай қорғаушылар: Дарын Ергешев, Қаһарман Хасанов, Ринат Серікқұл, Әділхан Добай, Димаш Нышантай (барлығы - Академия «Оңтүстік»), Денис Митрофанов («Алтай»), Ален Айманов, Айбар Құсайынов, Александр Бовкун (барлығы - «Қайрат»).
Шабуылшылар: Юрий Рогальский («Ертіс»), Арман Алтаев («Қайрат»).
Резерв: Қайрат Жақыпбеков, Омар-Васил Нұртаев, Ғалымжан Кенжебек (барлығы - «Қайрат»), Айдос Белгібаев («Ертіс»).
Фото: kff.kz