АСТАНА. 11 маусым. ҚазАқпарат - УЕФА Еуро-2012 аясында Польшаның Вроцлав қаласы стадионында өткен Ресей мен Чехия матчындағы ресейлік жанкүйлерлердің тұрпайы әрекеттеріне орай аталған елдің футбол одағына қатысты тәртіптік іс қозғады.
Бұл туралы УЕФА-ның ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.
УЕФА ақпаратына сәйкес, бұл шешім баяндамалар мен қолда бер түсірілімдерді зерделегеннен кейін қабылданған. Аталған мәліметтерге сәйкес, Польшада ресейлік жанкүйерлер отшашу үшін қолданылатын оқ-дәрі заряды бар қағаз снарядтарды жағып лақтырған. УЕФА-ның тәртіптік органы аталған істі 13 маусымда қарайды.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.