Осы жолы да ақтөбелік Марат Бикмаев ерледі. Бұған дейін Кутаиси қаласында өткен ойында ол бір гол соғып, таразы басын теңестірген болатын. Сол кезде «Ақтөбе» мен «Торпедо» арасындағы ойын 1:1 болып аяқталған. Кеше Грузияның «Торпедо» командасын өз алаңында қабылдаған «Ақтөбе» өз қарсыластарын 1:0 есебімен жеңді. Голдың авторы - Марат Бикмаев. Осылайша Қазақстанның «Ақтөбе» командасы УЕФА Еуропа лигасының іріктеу матчтарының екінші айналымына шығып отыр.
08:02, 13 Шілде 2012
УЕФА Еуропа лигасы: «Ақтөбе» екінші айналымға шықты
АСТАНА. 13 шілде. ҚазАқпарат - Кеше өз алаңында Грузияның «Торпедо» (Кутаиси қаласы) командасын қабылдаған «Ақтөбенің» футболшылары өз қарсыластарын жеңіп, УЕФА Еуропа лигасының іріктеу матчтары аясындағы екінші айналымға жолдама алды.