УЕФА Еуропаның үздік футболшыларын атады

Еуропа футбол қауымдастығы одағы (УЕФА) өзінің рсеми сайтында жылдың ең үздік футболшысы атағына үміткер үштіктің есімдерін жариялады.

Марапатқа «Барселонаның» шабуылшысы 30 жастағы аргентиналық Лионель Месси,  «Реалдан» 32 жастағы форвард португалдық Криштиану Роналду және  "Ювентус" аңызы - 39 жастағы қақпашы Джанлуиджи Буффон таласатын болады.

 Жыл ішіндегі Еуропаның үздік футболшысын Монакода 24 тамызда Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің жеребе тастау рәсімінде салтанатты жағдайда жария етеді.