УЕФА Еуропаның үздік футболшысын атады

АСТАНА. Тамыздың 28-і. ҚазАқпарат - «Барселонаның» шабуылшысы Лионель Месси өткен клубтық маусымның қорытындылары бойынша Еуропаның үздік футболшысы атанды.

Бұл жөнінде Чемпиондар лигасы-2009/2010 топтық турнирі жеребесінің салтанатында жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру сайтына сілтеме жасап.

УЕФА лауреатын анықтау үшін өткен маусымдағы басты еурокубоктардың ірктеуіне ілінген командалардың 16 жаттықтырушысы арасында дауыс беру өткізілді. Сонымен қатар, 2008/2009 жылдардағы маусымда үздік шабуылшы деп танылған аргентиналық өз дәрежесі бойынша әріптестері арасында өзінің бұрынғы клубтасы Самюэль Это'Оны, сондай-ақ «Манчестер Юнайтедтен» Криштиану Роналдуды артқа қалдырды.

Басқа аталымдарда «МЮ» қақпашысы Эдвин ван дер Сар, «Челсидің» қорғаушысы Джон Терри және «Барселонаның» жартылай қорғаушысы Хави Эрнандес лауреат атанды.