Би-би-си хабарлағандай, бұл шешім УЕФА басшылығының шұғыл отырысында қабылданды.
27 мамырда Швейцарияда жемқорлыққа қатысы бар деген күдікпен ФИФА жоғары лауазымды шенеуніктері ұсталды. Олардың ішінде ФИФА-ның вице-президенттері Джеффри Уэбб пен Эухенио Фигередо бар.
Сәрсенбі күні ФИФА футболға қатысы бар қызметтердегі 11 адамды босатты. Оларға қатысты тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.