УЕФА «Хайдук» - «Брондбю» матчын жанкүйерсіз өткізу туралы шешімінен бас тартты

None
 АСТАНА. ҚазАқпарат -  Еуропалық футбол қауымдастығы (УЕФА) Еуропа Лигасының үшінші іріктеу кезеңінде хорватиялық "Хайдук" пен даниялық "Брондбю" арасындағы матчты жанкүйерсіз өткізу шешімінен бас тартты.

Бұл туралы УЕФА баспасөз қызметі хабарлады.

Клубтар арасындағы кездесу бейсенбіде Сплитте өтеді. Бірінші ойын 0.0 есебімен аяқталған болатын.

Бастапқыда УЕФА Еуропа Лигасының екінші іріктеу кезеңінде 13 шілдеде болгарлық «Левскимен» өз алаңындағы ойынында жанкүйерлердің нәсілшілдік айғайы үшін «Хайдукты» жазалаған.

"Хайдук" осы оқиғаға қатысты 50 мың еуро көлемінде айыппұл төлеуі тиіс. Сондай-ақ клубқа жанкүйерлердің алаңға бөгде заттарды лақтырғаны үшін 5 мың еуро айыппұл салынды.   

"Хайдук" апелляцияға берді, УЕФА оны ішінара қанағаттандырды. Енді клуб фанаттардың нәсілшілдік айғайы үшін стадион  трибуналарын ішінара жабатын болды және 30 мың еуро көлемінде айыппұл төлейді. Ал алаңға бөгде заттарды лақтырғаны үшін  белгіленген 5 мың еуро айыппұл өзгертілген жоқ.