УЕФА Италияның Футбол Федерациясына қатысты тергеуді бастады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуропалық футбол қауымдастығы одағы (УЕФА) Италия Футбол федерациясының жаңа президенті Карло Тавеккиоға қатысты тәртіптік тергеуді бастады.

Бұл туралы УЕФА баспасөз қызметі хабарлады.

Тавеккио өзінің сайлауалды бағдарламасы барысында нәсілшілдікке қатысты айтқан сөзі үшін айыпталуда. Ол Африка ойыншыларын «банан жегіштер» деп атаған. Осыдан кейін жергілікті БАҚ-тарда Тавеккионың бұл әрекетін кемсітушілікке балаған пікірлер толып кетті. Ал ФИФА 71 жастағы шенеуніктің өтініші бойынша ИФФ басшылығына тергеу жүргізуді сұраған болатын.

11 тамызда Тавеккио 60,4 пайыз дауыс жинап, ИФФ президентінің сайлауында жеңіске жетті.