УЕФА қарағандылық «Шахтер» туралы сюжет көрсетеді

АСТАНА. 16 тамыз. ҚазАқпарат - УЕФА-ның «Чемпиондар лигасының журналы» телебағдарламасы қарағандылық «Шахтер» туралы сюжет көрсетеді, деп хабарлады Vesti.kz тілшісі.

Жақында Қазақстанның шахтерлер қаласында түсірілімдер өтті. Танымал бағдарлама Еуропа жұртшылығын жақында шығарылатын көрсетілімдерінде чемпиондар лигасының топтық кезеңдегі қатысушысымен таныстырады.

Еске сала кетсек, чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде қарағандылықтар шотландиялық «Селтикпен» алаңға шығады. Алғашқы матч Астанада 20 тамыз күні өтеді, ал кезекті кездесу бір аптадан кейін Шотландияда өтеді.