Станимир Стойловтың шәкірттері 20,750 ұпаймен 72-ден 67-орынға көтерілді. 66-орынға - веналық «Рапид» (21,500), одан кейін агдамдық «Карабах» (20,500) жайғасқан. Алғашқы үштікте мадридтік «Реал» (148,000), «Барселона» (126,000) және мюнхендік «Бавария» (125,000) орналасқан.
Еске салайық, кеше «Астана» командасы Еуропа Лигасы топтық кезеңінің соңғы ойынын Чехия астанасы Прагада «Славиямен» өткізіп, 1:0 есебімен жеңіске жетті . Осылайша, Қазақстан футбол тарихында тұңғыш рет плей-офф бәсекесіне жолдама алды.