НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, 22 шілдеде UEFA Конференция лигасы екінші іріктеу сатысындағы елордалық «Астана» мен Грекияның «Арис» кездесуінің бірінші кезеңі аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Еске салсақ, аталған турнир биыл тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр. Оған UEFA құрамындағы рейтингі төмен чемпионат командалары қатысады.
Бүгінгі кездесуде екі команда тезірек гол соғу мүмкіндігін іздеді. Нәтижесінде 24-минутта Марин Томасов қақпаны дәл көздеп, «Астана» командасын алға шығарды. Осылайша бірінші кезеңде елордалық клуб қарсыласын 1:0 есебімен тізе бүктіруде.
Айта кетсек, бүгін аталған турнирде сырт алаңда Қостанайдың «Тобылы» Хорватияның «Хайдук»,Қарағандының «Шахтері» Румынияның ФКСБ ( бұрынғы атауы «Стяуа») клубтарымен шеберлік байқасады.
Еске салсақ, UEFA Чемпиондар лигасы екінші іріктеу сатысында «Қайрат» өз алаңында сербиялық «Црвена Звезда» клубынан басым түсті.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.