UEFA Конференция лигасы: «Қайраттың» топтық кезеңдегі қарсыластары анықталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Алматылық «Қайрат» командасының UEFA Конференция лигасы топтық кезеңіндегі қарсыластары анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қайрат» Н тобында сынға түседі. Қарсыластары - «Базель» (Швейцария), «Карабах» (Әзербайжан), «Омония» (Кипр).

Жарыстың аталған сатысында барлығы 32 команда сынға түседі. Олар төрт-төрттен сегіз топқа бөлінген.

Айта кетейік, «Қайрат» алдымен Чемпиондар лигасы бірінші іріктеу сатысында Израильдің «Маккаби Хайфа» клубынан (1:1, 2:0) басым түсті. Одан кейін Сербияның «Црвена Звезда» клубына (2:1, 0:5) жол беріп қойды.

Еуропа лигасы үшінші іріктеу сатысында «Қайрат» Арменияның «Алашкертіне» (0:0, 2:3) есе жіберді.

Ал Конференция лигасы плей-офф сатысында Люксембергтің «Фоласын» (3;1, 4:1) орта жолда қалдырды.