Алматылық «Қайрат» өз алаңында Люксембургтің «Фола» командасын қабылдайды. Бір апта бұрын алматылық клуб сырт алаңда қарсыласынан 4:1 есебім ен басым түскен еді.
Бүгінгі ездесуде хорватиялық Фран Йович бас қазы қызметін атқарады. Оған отандастары Хрвое Радич пен Лука Пушич көмекшілік жасайды. Қосалқы төреші де хорватиялық Марио Зебец.
Матч елорда уақытымен 20:00-де басталып. Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Тағы бір ойында Қарағандының «Шахтері» сырт алаңда Израильдің «Маккаби Тель-Авив» клубымен кездеседі. Бір апта бұрын қарағандылық команда елордада қарсыласынан 1:2 есебімен жеңіліп қалды.
Бүгінгі кездесуде черногориялық Никола Дабанович бас төреші қызметін атқарады. Оған отандастары Милован Джукич пен Владан Тодорович көмекшілік жасайды. Қосалқы төреші де сол елден келген Милош Бошкович.
Ойын елорда уақытымен 23:30-де басталып. «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.